×
14.09.2022, 16:17
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

15 қыркүйектен бастап емханаларға тіркелу науқаны басталады

Емханаға тіркелу кезінде egov.kz электрондық үкімет кабинетінде тіркелу жеткілікті

15 қыркүйектен бастап емханаларға тіркелу науқаны басталады

Елордада тұрғындарды алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына тіркеу науқаны басталады, деп хабарлады Elorda.info.

Елімізде бұл науқан жыл сайын 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін өткізіледі.

Алғашқы медициналық-санитариялық көмек (МСАК) көрсетудің басты қағидасы – аумақтық қолжетімділік. Яғни учаскелік дәрігер қажет жағдайда сізге медициналық көмек көрсетіп, үйде бақылау үшін тұрақты мекенжайға қарасты емхананы таңдаған дұрыс.

Емханаға тіркелу кезінде egov.kz электрондық үкімет кабинетінде тіркелу жеткілікті. ЭЦҚ болуы қажет емес.

Азаматтардың жекелеген санаттары тікелей емханаға барып тіркеле алады. Бұл мүмкіндік зейнеткерлерге, балалардың заңды өкілдері мен балалық шақтан мүгедек азаматтардың қамқоршыларына, қорғаншылар немесе қамқоршыларға, патронаттық тәрбиешілерге, колонияларда жазасын өтеп жүрген сотталғандарға, студенттерге, мерзімді қызмет әскери қызметшілері, шет мемлекеттерде туған балалар, бекітуді сенімхат бойынша, оның ішінде шарт болған кезде ерікті медициналық сақтандыру шарты бойынша ресімдейтіндерге тиесілі, – деп жазды қала әкімінің орынбасары Ерлан Бекмурзаев.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері