×
16.08.2022, 22:14
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

«Омикрон» штамына қарсы әлемдегі алғашқы вакцина мақұлданды

Алғашқы вакцинаны «Модерна» компаниясы әзірледі, деп хабарлады Elorda.info.

«Омикрон» штамына қарсы әлемдегі алғашқы вакцина мақұлданды
фото: ашық дереккөзден

24.kz мәліметінше, екпенің ерекшелігі - дозаның жартысы вирустың бастапқы штамынан, ал қалған бөлігі «Омикроннан» қорғайды.

Сондай-ақ бұл препаратты ревакцинациялау үшін де қолдануға болады. Сынақ-тәжірибе кезінде вакцина адам ағзасында күшті иммунитет қалыптастыратыны анықталған. Аталған екпені Британияда мақұлдау туралы шешімді үкімет жанынан құрылған тәуелсіз сараптамалық-ғылыми кеңес беруші мекеме мен дәрі-дәрмек жөніндегі комиссия бірлесіп қабылдаған.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері