Қазақстанда жыл сайын дәрі-дәрмек сатып алуға 300 млрд теңге жұмсалады. Бұл туралы ОҚК-де өткен баспасөз мәслихатында ДСМ Дәрі-дәрмек саясаты департаментінің директоры Бауыржан Жүсіпов айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Жыл сайын бірыңғай дистрибьютор («СҚ-Фармация» компаниясы) жалпы 300 млрд теңгеге дәрі-дәрмек сатып алады. Дәрілер медициналық ұйымдарға жеткізіледі. Былтырғы есеп бойынша біз жұмсалған қаражаттың 41%-ына отандық тауар өндірушілердің өнімін сатып алдық. Оның ішінде дәрі-дәрмектер, коронавирус қарсы вакциналар, маска және тағы басқа медициналық бұйымдар бар, - деді Б.Жүсіпов.
Бауыржан Жүсіповтың айтуынша, дәрі-дәрмектердің басым бөлігі Еуропа елдері мен Ресейден жеткізіледі.
Қазақстанның өзін-өзі отандық дәрі дәрмекпен қамтамасыз ету көрсеткіші 21-22% деңгейінде, - деді басқарма басшысы.