Соңғы бір аптада коронавирус өршіген. Бүгін ведомствоаралық комиссияда маска тағу режимін енгізу мәселесі қаралады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятқызы айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Министр елдегі эпидемиологиялық жағдай бақылауда екенін жеткізді.
Ауру жұқтырғандар саны 2 есе өсті. Бүгін ведомствоаралық комиссияда маска тағу режимін енгізу мәселесі қаралады. Онда өңірдегі эпидемиологиялық жағдай қаралып, алдағы уақытта қандай шаралар қабылдау керектігі талқыланады, - деді Денсаулық сақтау министрі.