Нұр-Сұлтан 16.1°
×
30.06.2022, 12:04
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елімізде маска тағу режимі қайта енгізілуі мүмкін

Елімізде коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның төрағасы Ералы Тоғжанов аурудың өршуіне байланысты қандай шешім қабылданатынын айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Елімізде маска тағу режимі қайта енгізілуі мүмкін
Фото: ашық дереккөзден

Вице-премьер ведомствоаралық комиссияда барлық маңызды мәселе қаралатынын жеткізді. Атап айтқанда, вакцинация шаралары күшейтіледі.

Әзірге ең маңызды мәселе вакциналау болып отыр, айтарлықтай күрделі жағдай жоқ. Дегенмен, науқастар саны көбейсе, маска тағу режиміне қайта оралуымыз мүмкін. Қазір тәулігіне 100 адамға дейін науқастар саны артып келеді, сондықтан мәселе жоқ емес, бар. Карантин талаптарын күшейту мәселесін ведомствоаралық комиссияның отырысында көтереміз, - деп жауап берді Е. Тоғжанов Мәжіліс кулуарында тілшілерге берген жауабында.

Е.Тоғжанов Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында коронавирусты жұқтыру көрсеткішінің өсіп жатқанын еске айтты.

Оқи отырыңыз: Елімізде коронавирус жұқтыру дерегі артты

Ресми мәліметке сәйкес, осы аптада алдыңғы аптамен салыстырғанда аурушаңдық 3,6 есеге - 127-ден 457 жағдайға дейін артқан. Соның басым бөлігі Алматы және Нұр-Сұлтанда тіркелген. Екі қалада барлығы 391 науқас (85%) анықталды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері