Танымал қазақстандық Telegram-чаттарда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешегін пандемия деп жариялағаны туралы ақпарат таратуда, деп хабарлады Elorda.info Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
ДДҰ-ның ресми сайтында мұндай ақпарат жоқ. Маймыл шешегінің таралуына қатысты порталдағы соңғы жаңалық осы жылдың 27 маусымында жарияланған
Бүгінгі таңда шешек маймылдарының расталған жағдайларының саны 4 378 құрайды.
Осы жылдың 30 мамырында ДДҰ өкілдері БАҚ-қа маймыл шешегі пандемиясының болуы екіталай екенін айтты. Себебі ауру баяу таралуда және ауыр белгілері жоқ.