Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 5 жағдайы тіркелді, деп хабарлады Elorda.info COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда, індетті Нұр-Сұлтан қаласында - 1, Алматы қаласында 4 адам жұқтырды.
Жалпы пандемия басталғалы Қазақстанда коронавирус 1 305 760 адамнан анықталды.