Қазақстанда коронавирусқа қарсы «Pfizer» вакцинасымен 316,2 мың адам толық егілді, деп хабарлады Elorda.info COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап.
«Pfizer» препаратымен елімізде жасөспірімдер, жүкті әйелдер және бала емізетін аналар егіліп жатқанын еске салайық.
26 қаңтардағы мәліметке сәйкес, вакцинаның I дозасын 582 190 адам, ІІ дозасын 316 281 адам салдырды.
Оның ішінде, І компонентімен егілді: - жасөспірімдер – 476 669; - жүкті әйелдер – 24 646; - бала емізетін әйелдер – 75 931. ІІ компонентімен егілді: - жасөспірімдер – 257 635; - жүкті әйелдер – 15 287; - бала емізетін әйелдер – 43 348.