Шылым шегетін адамдардың коронавирустың ауыр түріне 2 есе жиі шалдығады. Жапон ғалымдарының зерттеулері осыны көрсетіп отыр. Бұл туралы Elorda.info 24.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады.
Мамандар бұл үшін COVID-19-ды жұқтырған 20 мен 80 жас аралығындағы 18 мыңға жуық науқасты бақылап, зерттеген. Нәтижесінде темекіге әуес жандардың дерті асқынып, өкпені жасанды желдететін аппарат жиі қолданылғанын анықтаған.
Ғалымдар бұл адамның жүрегі мен өкпесіне шылымның кері әсері тиіп, иммунитеттің әлсіреуінен деп отыр.