Нұр-Сұлтан 8.6°
×
20.01.2022, 15:20
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Дәрігер кеңесі: «Омикрон» белгілері байқалғанда не істеу керек

Мәскеу қалалық Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас оториноларингологы Андрей Крюков «омикрон» штамынан қалай емделу керек екенін түсіндірді, деп хабарлады Elorda.info АиФ сайтына сілтеме жасап.

Дәрігер кеңесі: «Омикрон» белгілері байқалғанда не істеу керек
Фото: ашық дереккөз

Тамақтағы қабынуды жеңілдету үшін антисептикалық ерітінділерді қолданған дұрыс. Үнемі күніне төрт-бес рет тамақты шайқау керек. Ауырсыну белгілерін азайту үшін таблеткаларды немесе анестетик спрейлерді қолдануға болады, бұл – өте маңызды. Оларды күніне екі-үш реттен ғана пайдалана аласыз, - деді маман.

Ол антибиотиктерді дәрігер рецептінсіз қабылдауға болмайтынын айтып, ауру кезінде де, алдын алу үшін де бөлмені үнемі желдетіп тұруға кеңес берді.

«Омикрон» штамы немесе B.1.1.529 қарашада Ботсвана мен Оңтүстік Африкада табылған.

Мамандардың айтуынша, вирусты аурудан жазылғандар да және екпе алған адамдар да жұқтыруы мүмкін. Соңғы мәліметтер бойынша, жаңа штамм қазірдің өзінде 110 елде анықталған. Ол «дельта» нұсқасына қарағанда тез таралады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері