Нұр-Сұлтан 9.9°
×
20.01.2022, 07:00
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

«Бұл жеңіл ауру деген түсінік қате»: «Омикронның» жаңа нұсқалары пайда болуы мүмкін

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус брифингте коронавирустың омикрондық штамы тарағаннан кейін COVID-19-дың жаңа вариациялары пайда болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлады Elorda.info РИА Новости-ге сілтеме жасап. 

«Бұл жеңіл ауру деген түсінік қате»: «Омикронның» жаңа нұсқалары пайда болуы мүмкін
Фото: Gettyimages.ru

Бұл пандемия әлі аяқталған жоқ және омикронның бүкіл әлем бойынша таралуымен жаңа нұсқалар пайда болуы мүмкін, – деді Гебрейесус.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы коронавирустың жаңа штамдары бойынша жағдайды бақылау мен бағалаудың ерекше маңыздылығын атап өтті.

Гебрейесус сонымен қатар Omicron орта есеппен оның алдындағы штамдар сияқты ауыр болмаса да, бұл жеңіл ауру деген түсінік қате екенін атап өтті. Ол «омикрон» ауруханаға жатқызу мен өлімге әкелетінін атап өтті.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері