ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният науқасты қосымша үй жағдайында емдеген дәрігерлер үшін 50 мың теңге жалақы қосылатынын айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Былтырғы дерек бойынша 2021 жылдың ақпан-желтоқсан айларында қайтыс болғандардың ішінде вакциналанғандар саны – 1215. Бұл халықтың 9%-ын құрап отыр. Статистиканы біз әрдайым қарап отырамыз. Қазір дәрігерлерге ауыр жүк түсіп тұрғандықтан, жалақыларына қосымша 50 мың теңге қосылатын болады. Себебі алғашқы медициналық көмек көрсетіп жүрген дәрігерлердің маңызы зор, – деді ол.