Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният медициналық ұйымдар берген мәліметтер бойынша «Қаңтар оқиғасы» бойынша медициналық көмекке жүгінгендер санын айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Өңірлердегі денсаулық сақтау басқармаларының берген мәліметінше, қазіргі таңда 2739 адам медициналық көмекке жүгінді. Соның ішінде, ем алып шыққандар саны – 200, ауыр хәлде жатқандар саны – 14. Ал оқиға басталғаннан бері қайтыс болғандар саны – 177 адам. Қазіргі мәліметтер бойынша, оның ішінде 17-сі әскери азаматтар болуы мүмкін екенін ғана айта аламыз. Бірақ дәрігерлер ешкімді алаламай медициналық көмек көрсетеді, – деді ол.