Вице-Премьер Ералы Тоғжанов 40 шақты мемлекет QazVac вакцинасын сұратып жатқанын айтты, хабарлады Elorda.info.
Біздің вакцина уақыттың тексеруінен өтті десем артық емес.Осы уақыттың ішінде қаншама азаматтарымыз Қазақстанның QazVac вакцинасын алды. Екіншіден, осы QazVac-ты шығару арқылы Қазақстанның аты да шықты. Дүниежүзіндегі 6 мемлекеттің қатарына Қазақстан 5-ші болып кіргені өздеріңізге белгілі. 40 шақты мемлекет біздің вакцинаны сұрап жатқандығының өзі біздің вакцинаның жоғары деңгейде екендігін көрсетеді, – деді Ералы Тоғжанов.