Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов еліміздегі 4 облыста вирус жұқтырғандар саны көп екенін айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Еліміздің барлық өңірі қызыл аймаққа енді. Жалпы науқастардың жұқтыру қаупі бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы, Түркістан, Атырау облыстары көш бастап тұр. Атап айтқанда, науқастар саны 7000-нан асып тұр. Бұл – өте үлкен көрсеткіш. Нұр-Сұлтан қаласының өзінде 5 есеге артып отыр, – деді ол.