18 қаңтардағы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният омикрон штамына байланысты шектеу шараларын күшейту туралы айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Эпидемиологиялық жағдай нашарлағанын, омикрон штамы айналымын ескере отырып, шектеу шаралары күшейтілді: Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде екпе мәртебесiне қарамастан шетелден келген барлық азаматтан теріс ПТР-сынама көрсеткiшiн талап ету мiндеттi; Ashyq-та "жасыл" мәртебесі болған жағдайда ғана қызметіне рұқсат етілетін нысандар тізбесі кеңейтілді; Өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты оқушыларды, студенттерді оқытуда жекелеген тәсіл қолданылады, - деді министр.