Нұр-Сұлтан 14.5°
×
18.01.2022, 13:10
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қазақстан Pfizer вакцинасын қосымша сатып алмақ

Қазақстан ревакцинация үшін Pfizer вакцинасын қосымша сатып алумақ. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстан Pfizer вакцинасын қосымша сатып алмақ
фото: ашық дереккөзден

Министр халықтың барлық тобы ревакцинация жасайтынын атап өтті. Айтуынша, бірінші жартыжылдықта 8 миллионға жуық адам қайта вакцинациялауға жатады.

Қазіргі уақытта халықтың барлық тобын ревакцинациялау Sinopharm және QazVac вакциналарымен жүргізіліп жатыр. 60 жастан асқан егде адамдар, жүкті әйелдер, жас аналар, медицина қызметкерлері үшін Pfizer қолданылуда. Министрлік ревакцинация үшін QazVac, Sinopharm және Pfizer вакциналарын қосымша сатып алуды жоспарлап отыр, - деді Ғиният үкімет отырысында.



 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері