Нұр-Сұлтан 9.4°
×
17.01.2022, 17:40
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

ШҚО-да карантин шектеулері 2 ақпанға дейін ұзартылды

Шығыс Қазақстан облысында карантин шектеулері 2 ақпанға дейін ұзартылды, деп хабарлады Elorda.info

ШҚО-да карантин шектеулері 2 ақпанға дейін ұзартылды
фото: ашық дереккөзден

ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, аймақта карантин 2 ақпанға дейін ұзартылды. Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.

Бүгінде CОVІD-19 жұқтырған науқастарды емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының толтырылу деңгейі – 8,6%. Облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік R саны – 2,539. Осы ретте, ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті халықты карантин талаптары мен республикалық, облыстық Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлердің қаулыларындағы барлық шектеулерді сақтауға шақырады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері