Нұр-Сұлтан 9.9°
×
17.01.2022, 16:20
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

СҚО-да коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты

Солтүстік Қазақстан облысында ауырғандар саны шамамен төрт есе артып, өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың жаңа 101 жағдайы тіркелді, деп хабарлады Elorda.info.

СҚО-да коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты
фото: ашық дереккөзден

СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, коронавирус жұқтырғандар саны артып келеді. 15 қаңтар «жасыл» аймақта болған өңір бүгін «қызыл» аймаққа өтті.

Қазір инфекциялық стационарларда 229 адам ем алып жатыр. Емдеу мекемелері 18 %-ға толған. 21 адам жансақтау бөлімшелеріне орналастырылған.

Аймақта жалпы ауырғандар саны 35 388 адамға жетіп отыр. Оның 32 936-сы тәуір болды. Қайтыс болғандар саны да күннен-күнге артып келеді, өткен тәулікте бір адам көз жұмып, 455 адамға жетті.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері