Нұр-Сұлтан 19.1°
×
14.01.2022, 11:40
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Pfizer-мен ревакцинациядан өтетін кімдер

Денсаулық сақтау министрлігінде Pfizer (Comirnaty) препаратымен ревакцинация кімге рұқсат етілгені жайлы айтылды, деп хабарлады Elorda.info.

Pfizer-мен ревакцинациядан өтетін кімдер

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов "Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекция бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу туралы" жаңа қаулы жариялады. Қаулы халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау мәселелері бойынша санитариялық дәрігердің осыған дейін қолданыста болған барлық қаулыларын біріктіреді.

Атап айтқанда, коронавирустың дамуы ауыр өтетін 60 жастағы және одан жасы үлкен адамдарға Pfizer вакцинасын қолдана отырып, медицина қызметкерлеріне, COVID-ке қарсы ревакцинацияға рұқсат етіледі.

Еске салсақ, бұрын Pfizer препараты тек жүкті, бала емізетін және 12 жасқа дейінгі балаларға вакцинация үшін ұсынылған.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері