Нұр-Сұлтан 19.2°
×
13.01.2022, 19:30
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қазақстанға шетелден келгендердің бәрінде ПТР сынамасы болуы тиіс

Қазақстанда 15 қаңтардан бастап шетелден келушілер үшін ережелер өзгертілді, деп хабарлады Elorda.info Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Қазақстанға шетелден келгендердің бәрінде ПТР сынамасы болуы тиіс

Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес, Қазақстанға шет мемлекеттерден келетін барлық жолаушылар (оның ішінде екпе алғандар) COVID-19-ға ПТР сынамасының теріс нәтижесі бар анықтаманы ұсынуы тиіс.

Анықтама алған күннен бастап Қазақстан Республикасының шекарасынан өткен сәтке дейін 72 сағат бойы жарамды болып саналады.

Анықтама ағылшын, орыс немесе қазақ тілінде болуы керек. 

Атап өтілгендей, COVID-19 үшін ПТР сынамасының теріс нәтижесі бар анықтама болмаған жағдайда, барлық жолаушылар, соның ішінде Қазақстан азаматтары ұшып шығу әуежайынан бортқа жіберілмейді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері