Нұр-Сұлтан 13.4°
×

Қазақстанда коронавирусты емдеуде жаңа препараттар қолданылады – ДСМ

Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният енді елімізде коронавирусты емдеуде жаңа препараттар қолданылатынын айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстанда коронавирусты емдеуде жаңа препараттар қолданылады – ДСМ

Біріншіден, КВИ бар пациенттерге тиімді медициналық көмек көрсету мақсатында уақытылы диагностикалауды және амбулаториялық емдеуді қамтамасыз ете отырып, МСАК ұйымдарының жұмысы қарқынды түрде жалғасын табады. Екіншіден, бүгінгі таңда 14 мыңнан астам инфекциялық төсек-орын көмек көрсетуде. Елімізде қосымша 50 мыңға дейін инфекциялық төсек-орын ашуға дайындық бар, - деп атап өтті министр.

Сонымен қатар ол коронавирусты емдеудегі жаңашылдықтарға тоқталды. 

Халықаралық тәжірибені ескере отырып, КВИ диагностикасы мен емдеудің клиникалық хаттамаларына жаңа инновациялық препараттар енгізіледі. Сонымен қатар халықты вакцинациялау және қайта вакцинациялау жалғасады. Ол үшін шамамен 6,5 млн доза вакцинаны қосымша сатып алу бойынша шаралар қабылдануда, - деді еліміздің бас дәрігері.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері