Нұр-Сұлтан 28.4°
×
12.01.2022, 10:43
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Денсаулық сақтау министрі бұрын қандай қызмет атқарған

Ажар Ғиният министр болып тағайындалмас бұрын ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болған. 

Денсаулық сақтау министрі бұрын қандай қызмет атқарған

Ол 1969 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

  • 1992 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын "дәрігер-педиатр" мамандығы бойынша, 2007 жылы Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін "мемлекеттік және жергілікті басқару менеджері" мамандығы бойынша, 2015 жылы Алматы менеджмент университетін "МВА іскерлік әкімшілендіру магистрі" мамандығы бойынша тәмамдаған.
  • Еңбек жолын 1993 жылы Атырау қаласының №2 қалалық емханасында учаскелік педиатр болып бастаған.
  • 1994 жылдан 1999 жылға дейін — Ақтау қаласының №1 медициналық санитарлық бөлімінің меңгерушісі, дəрігер-инфекционисті.
  • 1999-2001 жылдары — Маңғыстау жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары.
  • 2001-2005 жылдары — Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.
  • 2005-2006 жылдары — Маңғыстау облысы денсаулық сақтау департаментінің директоры.
  • 2008-2017 жылдары — ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басқарма басшысы, департамент директоры.
  • 2017 жылғы қыркүйектен 2020 жылғы маусымға дейін ҚР Президенті Іс басқармасының Медицина орталығы басшысының орынбасары қызметін атқарды. 

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері