Нұр-Сұлтан 20.6°
×
04.01.2022, 12:00
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Коронавирусқа қарсы дәрі 2003 жылы жасалған ба

Әлеуметтік желі қолданушылары интернетте тараған бейнероликті қызу талқылап жатыр. Желіде желдей ескен ақпаратқа сенсек, адамдар коронавирусты қалай емдейтінін 2003 жылдан бері біледі және бұл кезде патоген пандемия тудырмаған көрінеді. Алайда Stopfake.kz порталы бұл хабарламаның COVID-19-ға қатысы жоқ екенін жазды, деп хабарлады Elorda.info

Коронавирусқа қарсы дәрі 2003 жылы жасалған ба
Фото: дереккөз

Коронавирустар – бұл жүздеген вирустан тұратын үлкен топ. Оның жетеуі адамға жұғады. Осы жетеуінің төртеуі адамдар жыл сайын ауыратын тұмау тудырады. Қалған үшеуі – SARS, MERS және Sars-CoV-2 өлімге әкелуі мүмкін тыныс алу жолдарының ауыр ауруларына әкеледі, – делінген порталда.

Коронавирус және оны қалай емдеу туралы хабарлама 2003 жылы шыққан «Вестник ЗОЖ» газетіне жарияланған. Ол кезде тараған коронавирустардың бірі – SARS – ауыр жедел респираторлық синдром тудырған.

Ғалымдар ауруды емдеудің тиімді кестесін жасап, тіпті оған қарсы вакцина әзірлей бастады. Кейіннен бұл әзірлемелер COVID-19-ға қарсы вакциналардың негізіне алынды.

Сол жылдары жасалған және «Вестник ЗОЖ» газетінде сипатталған емдеу схемалары ғалымдарға 2019 жылдың соңында пайда болған SARS-CoV-2 коронавирусын жақсы түсінуге мүмкіндік бергенімен, оны COVID-19-дан емдеуде толық қолдануға болмайды.

Демек, видеода көрсетілген «Вестник ЗОЖ» газетінде COVID-19 жайлы емес, 2003 жылы тараған SARS коронавирусынан туындаған ауыр жедел респираторлық синдром туралы айтылады. Бұл аурулар әртүрлі және оларды емдеу жолдары да өзгеше, сондықтан 2003 жылғы газеттен алынған ұсынымдарды COVID-19-ды емдеу үшін қолдану дұрыс емес.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері