Ведомство мен ЖОО арасындағы меморандумды жүзеге асыру аясында өткізілуде
Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен KAZGUU университетінде құқық саласында маманданған журналистерге арналған оқыту курстары басталды, деп хабарлады Elorda.info.
Курстар 2021 жылы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және KAZGUU университеті арасындағы меморандумды жүзеге асыру аясында өткізілуде.
Қатысушылар төрт күн бойы құқықтық журналистиканың негізгі бағыттары, журналист принциптерінің замануи көріністері, этнопсихологияның медиадағы рөлі және басқа өзекті мәселелер бойынша оқытылады.