Elorda.info

Жайлы мектептерде балалардың жас ерекшелігіне қарай спорт залдары болады – министр

Бұл туралы Үкіметте айтылды

Жайлы мектептерде балалардың жас ерекшелігіне қарай спорт залдары болады – министр

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында «Жайлы мектеп» жобасы туралы айтты, деп хабарлады  Elorda.info.

Қазіргі күні 1 200 оқушыға арналған мектепте көбіне бір спорт залы ғана қарастырылған. Онда таңертеңгі 8.00-ден кешке дейін бір уақытта 4-5 сынып үшін дене шынықтыру сабағы өтеді. Ал жайлы мектептерде балалардың жас ерекшелігіне байланысты бірнеше спорт залы қарастырылған, -  деді министр.

Айта кетейік, министр арнайы білімді қажет ететін балалар үшін де тиісті жағдай жасалатынын жеткізді.

Бөлісу!
жапсырмалар:

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Білім