Elorda.info

Жаңадан салынатын мектептерге 40 мыңға жуық педагог қажет

2026 жылға дейін тағы 100 мыңға жуық педагогикалық маман оқу бітіреді

Жаңадан салынатын мектептерге 40 мыңға жуық педагог қажет

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлады Elorda.info тілшісі.

Соңғы 5 жылда педагогикалық мамандықтар бойынша 200 мыңнан астам маман даярланды.  Оның ішінде 31 мыңы грант бойынша оқыды. Бірақ бұл түлектердің тек 55 мыңы ғана жұмысқа орналасқан. Шынайы қажеттілік сондай болды. 2026 жылға дейін тағы 100 мыңға жуық педагогикалық маман оқу бітіреді. Бірақ жаңадан салынатын мектептерге 40 мыңға жуық педагог қажет. Оның бір бөлігі қазіргі үш ауысымды мектепте жұмыс істеп жүрген педагогтер болады. Олар жаңадан ашылған мектептерге ауысады, - деді министр.

Асхат Аймағамбетов өз сөзінде қосымша грант бөліп, артық кадр дайындау қажет емес екенін еске салды.

Бөлісу!
жапсырмалар:

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Білім