×
30.09.2022, 10:58
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Жыл соңына дейін ҰБТ сынағы болмайды

Жауап нұсқасы да қысқарады

Жыл соңына дейін ҰБТ сынағы болмайды
фото: sheridanmentoring.com

Келер жылы тестілеуде дистракторлар саны қысқарады. Бұрын бір сұрақтың бес жауабы болса, қазір бұл сан төртке қысқарып отыр. Бұл туралы ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев Joo.kz тікелей эфирінде айтты, деп хабарлады Elorda.info.  

2022 жылдың қыркүйегі мен желтоқсан айлары аралығында әзірге ҰБТ өтпейді. Кейін наурыз және жаз айында өтеді. Алайда негізгі ҰБТ мерзіміне өзгеріс енгізілуі мүмкін. Мысалы, былтыр «грант ҰБТ» 16 мамыр мен 5 шілде арасында үздіксіз өтті. Биыл осы мерзімге өзгеріс енгізу мәселесі талқыланып жатыр, – деді Руслан Емелбаев. 

Орталық басшысы тестілеудегі дистракторлар санының халықаралық стандарттарға сәйкес қысқарғанын да айтты.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері