×
22.09.2022, 14:50
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

«Үздік педагог-2022»: байқауға өтінім қабылдау ұзартылды

Құжаттарды қабылдау тағы 3 күнге ұзартылды

«Үздік педагог-2022»: байқауға өтінім қабылдау ұзартылды
фото: ашық дереккөзден

Қазақстандық мұғалімдер 2022 жылғы 25 қыркүйекке дейін құжат тапсыра алады. Бүгінгі күні байқауға тіркелген үміткерлер саны 4,4 мыңнан асты, деп хабарлады Elorda.info Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Биыл байқауға қатысуға ниет білдіргендердің көптігін көріп отырмыз. Сол себепті конкурсқа құжат қабылдауды 25 қыркүйекке дейін, екінші кезеңге қатысу үшін 2022 жылдың 30 қыркүйегіне дейін ұзарттық. Конкурсты өткізу тарихында алғаш рет біз оны электронды форматта өткізіп отырмыз. Бұл қатысушыларға байқаудың әр кезеңін бақылап отыруға мүмкіндік береді. Қазір байқаудың үш кезеңі де автоматтандырылған, - деді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.

Құжат қабылдау 2022 жылғы 12 қыркүйекте басталған болатын. Байқауға балабақшалардың, мектептердің, колледждердің штаттағы мұғалімдері қатыса алады. «Үздік педагог» атағының иегерлеріне 3 млн теңге көлеміндегі ақшалай сыйақы ғана емес, төсбелгілер де беріледі.

Байқау ережелері туралы қосымша ақпарат Оқу-ағарту министрлігінің сайтында да бар.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері