×
16.08.2022, 17:48
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада жас ұстаздардың республикалық форумы өтіп жатыр

Елордада «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» атты бірінші республикалық форум өтіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Елордада жас ұстаздардың республикалық форумы өтіп жатыр

Мұнда еліміздің түкпір-түкпірінен 100-ден астам жас педагогтар жиналған. Екі күнге созылатын форумда кәсіби біліктілікті арттыру мәселесі қаралып, шеберлік сабақтары өткізіледі. Сондай-ақ алдыңғы буын өкілдері өз тәжірибелерімен бөліседі.

Сонымен қоса, өз кәсібінде табысқа жеткен беделді қазақстандық тұлғалар TEDTalk-те мотивациялық спикер ретінде сөз сөйлейді. Олар – «Bilim Media Group» компаниясының директоры Рауан Кенжеханұлы, «Ассамблея жастары» республикалық жастар ұйымының төрағасы Тимур Джумурбаев, белгілі журналист, теле- және радио жүргізуші Майра Төлепберген, танымал актер, отандық және шетелдік блокбастерлердің бас кейіпкері Асқар Ілиясов.

Технология, экономика салаларының қарқынды дамуы білім беру саласының, оның ішінде мұғалімдердің маман ретінде ілгері дамуына түрткі болды. Бүгінгі таңда мұғалімдердің уақыт талабына сай болуы бұрынғыдан да маңызды. Мұғалім – әрдайым сұранысқа ие мамандық, сондықтан оның даму траекториясы жеке болып, міндетті түрде әлемдік білім беру трендтеріне сәйкес болуы керек, - деді «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері