×
16.08.2022, 11:46
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елімізде педагогтердің 70 пайызы қайта вакцина алды

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Елімізде педагогтердің 70 пайызы қайта вакцина алды
Фото: Ашық дереккөз

Қазіргі кезде мектептердегі педагогтердің 73%-ы және колледж педагогтерінің 70%-ы қайта вакцина алды.

Сондай-ақ биыл елімізде 225 мектеп салынады деп жоспарланып отыр. Министр 41 мемлекеттік мектеп пен 40 жекеменшік мектепті ашу бойынша жұмыстар оқу жылының басына дейін аяқталатынын жеткізді.

Бүгінгі күні басым көпшілік өңірлерде үш ауысымды және апатты мектептер бар. Әсіресе Алматы облысында 56 мектеп үш ауысымды болып, үш ауысымды мектептердің саны жылдан жылға көбейіп келеді. Аталған проблеманы шешу үшін әкімдіктер жаңа оқу жылына дейін мектептерді мерзімінде қолданысқа енгізу, жылдың соңына дейін қалған мектептерді  де салып бітіру бойынша шара қабылдаулары қажет, - деді министр.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері