×
16.08.2022, 11:28
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Жаңа оқу жылында мектептерде қандай өзгерістер болады

Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Жаңа оқу жылында мектептерде қандай өзгерістер болады
Фото: ашық дереккөз

Арнайы зерттеулер мен сараптамалардың қорытындыларына сәйкес 1-сынып оқушысына үш тілді бірден меңгеру қиын екені анықталды. Бала алдымен өз тілінде оқып және жаза білуі тиіс. Осыған орай, біз қазақ тілді мектептерде 1-сынып оқушысын тек қазақ тілінде оқытуды, ал орыс тілді мекетептерде қазақ тілі мен орыс тілін оқыту туралы шешім қабылдадық, - деді министр.

Ал қазақ тілді мектептерде екінші сыныптан бастап орыс тілі енгізіледі. Ағылшын тілі барлық мектептерде үшінші сыныптан басталады. 

Сондай-ақ министр «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері» пәндері 1-ші сыныптан бастап енгізілетінін жеткізді.

Педагогтерді жұмысқа қабылдаудың жаңа қағидалары да іске асырылуда. Жұмысқа қабылдау енді конкурс бойынша педагогтің білімі, еңбек өтілі, біліктілік санаты және кәсіби жетістіктері сияқты критерийлердің негізінде жүргізіледі. Бұған қоса педагогтерді Ұлттық біліктілік тестілеу арқылы жұмысқа алу тәртібі қабылданды. Яғни енді дипломның ғана негізінде емес, қосымша өз пәні бойынша тестілеуден өткендерді ғана мектепке жұмысқа қабылдаймыз, - деді А.Аймағамбетов.

 

 

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері