×
16.08.2022, 11:04
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қазақстанда 89 мыңнан астам студент жатақханаға мұқтаж

Бұл туралы Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстанда 89 мыңнан астам студент жатақханаға мұқтаж
Фото: ашық дереккөз

Бұл ретте ең үлкен қажеттілік Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында байқалады. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде – 15 122 төсек-орын, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде - 4 500, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде - 4 000, Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде – 3 000, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ – 5 000 төсек-орынға деген қажеттілік бар, - деді министр.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері