×
11.08.2022, 13:50
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Ертең магистратура грантына құжаттар қабылдау басталады

12 тамызда магистратураға білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау басталады, деп хабарлады Elorda.info.

Ертең магистратура грантына құжаттар қабылдау басталады

Ол 15 тамызға дейін жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары, оның ішінде виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы жүзеге асырылады.

Барлығы 43 мыңнан астам адам магистратураға түсу үшін емтихан тапсырды. Олардың 42%-ы шекті балл жинады. Орташа көрсеткіш – 71 балл. Бір қатысушы максималды 150 балдың  140-ын жинады.

Магистратурада оқуға арналған білім беру гранттары кешенді тестілеу нәтижелері бойынша конкурстық негізде беріледі.

Грант конкурсына құжаттарды қабылдау 12-15 тамыз аралығында ЖОО-лардың қабылдау комиссиялары, оның ішінде онлайн виртуалды комиссиялар арқылы жүзеге асырылады. Яғни, болашақ магистранттар құжаттарды дәстүрлі және онлайн форматта тапсыра алады.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет: жеке куәліктің көшірмесі, жоғары білімі туралы құжат (диплом және қосымшасы); КТ сертификаты және бар болған жағдайда шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттар. 075/у нысанындағы медициналық анықтаманы жоғары оқу орнына түскенде тапсыруға болады.

Құжаттарды тапсыру кезінде оқуға түсуші білім беру бағдарламаларының бір тобын және үш жоғары оқу орнын көрсетеді. Магистратураға білім беру грантын тағайындау конкурсы 16-20 тамыз аралығында өтеді. Жалпы 2022-2023 оқу жылына магистратура бойынша 13 мыңнан астам грант бөлінді. Гранттардың ең көп саны педагогикалық мамандықтар үшін қарастырылған – 3 642. Инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларына 3 429 грант, жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика – 1 278, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – 1 233, ауыл шаруашылығы мен биоресурстар – 527 грант бөлінді, – деді ҒЖБ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Естеріңізге сала кетейік, білім беру гранттары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, сондай-ақ жұмыс берушілердің кадрларға қажеттілігі бойынша деректері негізінде бөлінген.

Білім гранты иегерлерінің тізімі Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жарияланады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері