Биыл гранттар саны 88 мыңға дейін жетті. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Бакалавриат студенттеріне 36 мың теңге, докторанттарға 150 мың теңге қарастырылған. 2025 жылға дейін студенттердің стипендиясы 2 есеге, магистранттар мен докторанттарға – 1,5 есеге артады. Сонымен қатар, жоғары білім беру саласында мамандарды даярлауға басты назар аударылғанын атап өткім келеді (92 %), магистратура деңгейінде – 5,8 %, докторантура деңгейінде – 0,94% ғана оқиды. Ал әлемдік тәжірибе көрсеткендей, бакалавриаттың арақатынасы 30-дан 45%-ға дейін, магистратура – 10%-дан астам, докторантура – 2%-дан астам болуы тиіс, - деді министр.