Нұр-Сұлтан 22.1°
×
05.08.2022, 10:13
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елімізде мұғалімдердің республикалық тамыз кеңесі басталды

Қазақстанда педагогтердің республикалық тамыз конференциясы – 2022 басталды. Форум 19 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлады Elorda.info Оқу-ағарту министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елімізде мұғалімдердің республикалық тамыз кеңесі басталды
фото: ашық дереккөз

Екі апта бойы панельдік сессияларда педагогтер мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім берудегі өзекті мәселелерді, балалардың құқықтарын қорғау және білім беру сапасын қамтамасыз ету мәселелерін талқылайды.

Тамыз конференциясының мақсаты – педагогикалық қауымдастықпен диалог орнатып, білім беру саласындағы проблемаларды, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру сапасын арттыру мәселелерін талқылау. Сондай-ақ жаңа оқу жылының басымдықтары мен негізгі міндеттері айқындалады. Шараға жаңашыл педагогтер, білім беру ұйымдарының үздік жетекшілері, сарапшылар мен ата-аналар қауымының өкілдері қатысады. Спикерлер дөңгелек үстелдер, шеберлік сабақтары мен презентациялар өткізеді, - деді Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.

Панельдік секциялар мен пленарлы отырыстың материалдары барлығына қолжетімді болуы үшін министрліктің сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылады. Форумның пленарлы отырысы министрліктің Facebook, Instagram және YouTube желісіндегі парақшаларында көрсетіледі.

Сондай-ақ форумның пленарлы отырысында үздік педагогтерді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ведомстволық наградаларымен марапаттау рәсімі өтеді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері