×
29.07.2022, 12:03
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елімізде білім грантын өтеу мерзімі қысқаруы мүмкін

Қазіргі қолданыстағы заңнама бойынша жас мамандар грантты 3 жыл жұмыспен өтеуі тиіс. Енді бұл мерзім қысқаруы мүмкін, деп хабарлады Elorda.info.

Елімізде білім грантын өтеу мерзімі қысқаруы мүмкін
фото: ашық дереккөзден

Ауылдық квота бойынша білім алған жастардың грантты еңбекпен өтеу мерзімі 2 жыл болып қысқарту жоспарлануда. 

Ауылдық квотамен педагогикалық, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқыған азаматтар грантты кемінде екі жыл жұмыспен өтейді, - делінген министрлік дайындаған құжатта.

Бұрын квота иелері грантты білім алған жерлерінде жұмыс істеу арқылы өтейтін болса, енді бұл өңірлер тізімін министрлік ұсынады.

Азаматтардың жұмысы өтелетін өңірлер: Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстары, - деп жазылған қаулыда.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері