×
23.07.2022, 14:00
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елімізде мектеп формасы түрлерінің саны 20-ға қысқарады

Жаңа өзгерістер алдағы оқу жылынан бастап енгізіледі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Zakon.kz порталына берген сұхбатында айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Елімізде мектеп формасы түрлерінің саны 20-ға қысқарады
фото: ашық дереккөзден

Асхат Аймағамбетовтың айтуы бойынша, қазіргі қолданыстағы бұйрық негізінде әр мектеп қамқоршылық кеңестің мақұлдауымен мектеп формасының түсі мен оның фасонын өз бетінше таңдай алады. 

Сәйкесінше, бізде 7,5 мың мектеп болса, теориялық тұрғыда 7,5 мың түрлі форма болуы мүмкін. Бұл ыңғайсыз. Мәселен, Павлодар қаласын алайық. Бала бір мектептен екіншісіне ауысса, оған мектеп формасын ауыстыру керек. Қазақстанда 20 өңір болса, сәйкесінше енді мектеп формасы түрлерінің саны 20-дан аспайтын болады, – деп атап өтті министр. 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері