Нұр-Сұлтан 22.1°
×
04.07.2022, 19:13
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қазақстандық робот құрастырушылар Лондонда рекорд орнатты

Қазақстандық оқушылар бірден «FIRST Tech Challenge UK and Ireland» екі британдық маусымаралық олимпиадасында жеңіске жетті, деп хабарлады Elorda.info Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстандық робот құрастырушылар Лондонда рекорд орнатты

Бұл жеңістер оқушыларға әлемнің жетекші университеттеріне түсуге мүмкіндік береді. Оқушылар 20 ойынның 19-ында рекордтық ұпаймен жеңіске жетті және қазылар алқасының 3 номинациясын ұтып алып, жарыстың рекордын орнатты.

Ұлттық құрама сапында 15-17 жас аралығындағы 12 оқушы өнер көрсетті. Олардың барлығы робототехника бойынша қазақстандық және халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері.

Бірінші «FIRST Tech Challenge – West Midlands» жарысы 28 маусымда Вулвергемптонда, Уэст-Мидлендс графтығында өтті. Онда қазақстандық оқушылар 10 ойынның 10-ында жеңіске жетіп, үздік өнер көрсеткен командаға берілетін бас төреші номинациясының Judges Award жүлдесін жеңіп алды.

1 шілдеде Лондонда «FIRST Tech Challenge – South East» екінші жарысы өтті. Ойындарға британдық мықты командалардан бөлек, басқа елдерден де келген жасөспірімдер қатысты. Онда оқушыларымыз 10 ойынның 9-ында жеңіске жетіп, І орынды жеңіп алды. Сондай-ақ оқушылар қазылар алқасының екі марапатына ие болды – Judges Award және Control Award сыйлығы.

Қазақстандық оқушылар бір айға жуық уақытын өз мектептерінің зертханаларында өткізіп, роботтарын құрастыруға арнады. Жас өнертапқыштар робот бөлшектерін өздері модельдеді, содан кейін мектеп шеберханаларындағы 3D принтер мен лазерлік машиналарда жобаларын жүзеге асырды.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері