Қазақстан Қырғызстан азаматтары болып саналатын этникалық қазақтарға білім гранттарын бөледі. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жазды, деп хабарлады Elorda.info.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға ресми сапармен барды. Оның барысында екі ел арасында білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды.
Құжат келесі жаңалықтарды көздейді: Қазақстан Қырғызстан азаматы болып саналатын этникалық қазақтарға 20 грант және Қырғызстанның басқа азаматтарына 30 грант бөледі; білім саласында ынтымақтастықты дамыту. Қазіргі уақытта біз бірқатар басқа елмен келісімдерге келу және білім беру саласында өзара іс-қимыл жасау жөнінде келіссөздер жүргізіп жатырмыз, – деп жазды министр.