Нұр-Сұлтан 14.5°
×
26.05.2022, 16:15
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

22-Азия олимпиадасына Қазақстаннан 8 оқушы қатысып жатыр

Физика пәнінен 22-Азия олимпиадасында (APhO) 8 қазақстандық оқушы жүлделі орындарға бақ сынап жатыр. Ұлттық құрамада Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар, Атырау және Ақтөбе қалаларының 10-11-сынып оқушылары бар. Олардың барлығы – физикадан республикалық олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері, деп хабарлады Elorda.info БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

22-Азия олимпиадасына Қазақстаннан 8 оқушы қатысып жатыр

Биыл зияткерлік сайыстар 2022 жылғы 24 мамыр мен 31 мамыр аралығында онлайн форматта өтеді.

Құрлықтық халықаралық олимпиадаға әлемнің 20-дан астам елінің өкілі қатысуда. Оның ішінде Бангладеш, Камбоджа, Қытай, Үндістан, Индонезия, Израиль, Малайзия, Моңғолия, Пәкістан, Румыния, Ресей, Сингапур, Шри-Ланка, Қазақстан, Сауд Арабиясы, Түркия, Таиланд, Тайвань, Вьетнам сияқты елдер бар.

Қазақстандық оқушылар жыл сайын физикадан Азия олимпиадасына қатысады. Бұл мектеп оқушылары үшін өз білімін әлемдік деңгейде көрсетуге және Азия-Тынық мұхиты аймағындағы үздік елдердің көшбасшыларымен бәсекеге түсуге таптырмас мүмкіндік.

Қазақстандық оқушылар жыл сайын физикадан Азия олимпиадасына қатысады. Бұл мектеп оқушылары үшін өз білімін әлемдік деңгейде көрсетуге және Азия-Тынық мұхиты аймағындағы үздік елдердің көшбасшыларымен бәсекеге түсуге таптырмас мүмкіндік. Былтыр бұл олимпиада онлайн өтіп, жерлестеріміз жақсы нәтиже көрсетті. 2021 жылы ұлттық құрама 1 алтын және 3 қола медаль жеңіп алды. Биылғы нәтиже бұдан да жақсы болады деп сенеміз. Оқушыларымызға сәттілік тілейміз!, – деді «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Тимур Нұркешев.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері