Нұр-Сұлтан 16°
×
25.05.2022, 15:43
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Білім іздеп шетел асатындар саны азайды – министр

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ЖОО-да оқу үшін шетелге кететін оқушылар саны азайғанын айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Білім іздеп шетел асатындар саны азайды – министр

Министрдің мәліметіне қарағанда, қазақстандық ЖОО-лар әлемнің үздік 1000 ЖОО қатарына кірген. 

Бізде шетелге кететін балалар саны айтарлықтай азайды. Мұны бірқатар өңірлерден байқап отырмыз. Әсіресе, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстары көш бастап тұр. Бүгінде Қазақстанда білім беру сапасы бәсекеге қабілетті, - деді Аймағамбетов.

Министрдің айтуынша, қазақстандық 16 ЖОО әлемнің 1000 үздік ЖОО қатарына енді.

ТМД елдерін қарасақ, тек екі жоғары оқу орны Топ-200 тізіміне кірді. Яғни бөлінген гранттар саны мен деректер отандық білім беру сапасының бәсекеге қабілетті екендігінің дәлелі.

 

Айдана Сулейменова, 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 

Журналистика және саясаттану факультетінің 2-курс студенті

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері