Химиядан 56-шы халықаралық Менделеев олимпиадасында қазақстандық оқушылар 3 күміс, 5 қола медаль жеңіп алды. Зияткерлік сайыстар Ташкентте офлайн форматта өтті, деп хабарлады Elorda.info Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасы атынан Қарағанды, Ақтау, Нұр-Сұлтан, Өскемен, Павлодар және Ақтөбе қалаларынан 10 және 11-сыныптардың 12 оқушысы қатысты.
Олар ТМД, Балтық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінің құрдастарымен білім сайысында бақ сынасты.
Ташкентке 2022 жылғы республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері барды. Сондай-ақ олар бірнеше рет оқу-жаттығу жиындарында ең жоғары нәтиже көрсеткен олимпиадалық резервтің мүшелері. Айта кетейік, биыл біз команданы үздіктердің үздігі таныстыруы үшін барлық деңгейдегі олимпиаданы өткізу процесін автоматтандырдық, - деді «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Тимур Нұркешев.
Химия пәні бойынша оқушылардың халықаралық Менделеев олимпиадасы жыл сайын жүздеген талантты химиктердің басын қосады.