Нұр-Сұлтан 24.4°
×
14.05.2022, 13:03
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Таиланд Қазақстанмен білім саласы бойынша серіктестік орнатпақ

Таиланд мемлекеті Қазақстанмен білім саласы бойынша серіктестік орнатпақ. Бұл туралы елімізге ресми іс-сапармен келген делегация мүшелері мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Таиланд Қазақстанмен білім саласы бойынша серіктестік орнатпақ

Делегация құрамында Таиланд Корольдігі Парламенттерінің депутаттары Acaravat Asvahem, Kanok Wongtrangan, Sakuna Saranun, Pimrapee Phanwichatikul, Sakorn Kiewkhong, Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі елшісінің кеңесшісі Ерлан Тіленшиев, Bai Mai Phli мектебінің бас директоры Muammer Taşcı және мектептің қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім басшысы Pisut Namcharoenchai болды. Қонақтар Сулейман Демирель атындағы университеттің жұмыс барысымен, білім бағдарламаларымен танысты, ғимаратты аралады.

Bai Mai Phli мектебінің бас директоры делегацияның университетке білім саласы бойынша серіктестік орнату мақсатында келгенін айтты.

Біз мұнда екі мақсатпен келдік. Ең алдымен, білім саласы арқылы екі мемлекет арасында алтын көпір болуды, қарым-қатынас орнатуды жоспарлап отырмыз. Студенттермен, оқытушылармен алмасу бойынша бағдарламаларымыз бар. Екі ел арасында байланыс орнатып, білім саласында тәжірибе алмасуға ниеттіміз, – деді Muammer Taşcı.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері