×
26.04.2022, 16:47
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Мектеп түлектері «Қазақстан тарихы» пәнінен емтиханды ауызша тапсырады

Биыл 11-сынып оқушылары Қазақстан тарихы пәнінен емтиханды ауызша форматта тапсырады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылыми вице-министрі Шолпан Каринова айтты, деп хабарлайды Elorda.info.

Мектеп түлектері «Қазақстан тарихы» пәнінен емтиханды ауызша тапсырады
Фото: ашық дереккөз

Жылдағы дәстүрге сәйкес биыл да мектеп түлектері 5 пәннен емтихан тапсырады. Емтихан пәндері және тапсырмалардың мазмұнына қатысты ешқандай өзгеріс жоқ. Барлығы да мектеп бағдарламасы аясында. Биыл мектеп түлектері Қазақстан тарихынан емтиханды ауызша тапсырады. Бұл мәселе соңғы жылдары жиі талқыланып келеді. Тарих пәні мұғалімдері үшін бұл жаңашылдық емес, – деді Шолпан Каринова министрлікте өткен тікелей эфир барысында.

Вице-министрдің мәлімдеуінше, Қазақстан тарихы пәнінен емтиханды ауызша тапсыруға қатысты министрлікке бірнеше рет ұсыныс келіп түскен.

Емтиханның форматы ғана өзгеріп отыр. Ауызша, жазбаша, тест болсын емтихан тапсырмалары оқу бағдарламасының аясында әзірленеді. Сырттан, қосымша тапсырма болмайды. Оның үстіне Қазақстан тарихы пәнінен емтиханды ауызша, яғни билет арқылы тапсыру бұған дейін бар тәжірибе, – дейді ол.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері