Нұр-Сұлтан 10.1°
×
22.04.2022, 14:18
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

1100 ауыл мектебінде жылы дәретхана жоқ

Ауылдық жерлерде дәретхана мәселесін шешу қиын. Өйткені, көп ауылда өзінің су және кәріз жүйесі жоқ. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Qazaqstan арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Elorda.info.

1100 ауыл мектебінде жылы дәретхана жоқ
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда 7,5 мың мектеп болса, оның 2 700-інде ешқандай жылы дәретхана болмады. Бұл шындық. Бірақ, соңғы 2 жыл ішінде 1 600 дәретхана салынып, іске қосылды. Бұл оңай мәселе емес. Біріншіден, шалғай елді мекендерде кәріз жүйесі жоқ. Екіншіден, су жүйесі жоқ. Үшіншіден, септикті қазғанымен, оны сордырып, төгетін арнайы құрылғы керек болды. Оны сатып алу керек. Одан кейін оны апарып төгетін арнайы полигон қажет. Мұның барлығы бір-бірімен байланысты мәселелер, – деп түсіндірді министр.

Мұнымен қатар, Асхат Аймағамбетов бұрын ауданда жұмыс істеп, осы мәселемен тікелей бетпе-бет келгенін атап өтті.

Бұл мәселені өзім жақсы білемін. Қала жағдайында оны шешу оңай. Ал бұл қалаға тиесілі емес проблема болып отыр. Ауылдың барлығында су мен септик болмағандықтан, бұл мәселені шешу қиын. Бірақ, екі жыл ішінде 1 600 дәретхана салып, оларды іске қостық. Бұл жұмыс ары қарай да жалғасын табады және толығымен шешіледі, – деді Асхат Аймағамбетов.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері