Нұр-Сұлтан 11.6°
×

Елімізде бұрын-соңды оқытылмаған 60-қа жуық жаңа мамандық пайда болды

Бүгін Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов елімізде бұрын-соңды болмаған 60-қа жуық мамандық ашылғанын айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Елімізде бұрын-соңды оқытылмаған 60-қа жуық жаңа мамандық пайда болды
фото: ашық дереккөзден

Ескірген мамандықтар жойылып, жаңа мамандықтар ашылып жатыр. Мәселен, 50-ге жуық ескі мамандық бойынша біз оқытуды тоқтаттық және тиісінше 60-қа жуық бұрын-соңды оқытылмаған мамандықтар ашылды. Сапаны қамтамасыз етудің тағы бір шарты – білім беру бағдарламаларын жаңарту. Дайын болған кәсіби стандарттар бойынша университеттерде 4 мыңнан астам бағдарлама жаңартылды. Бұрын болмаған жасанды интеллект, IT-медицина, цифрлық заңгер сияқты 269 жаңа бағдарлама енгізілді. Бұлар «Жаңа болашақ мамандықтар атласына» сәйкес ашылып отыр, - деді А. Аймағамбетов.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері