Нұр-Сұлтан 10.1°
×
15.04.2022, 11:30
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Балалардың жазғы мектепке барғаны дұрыс па (ВИДЕО)

Елордалық Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев оқушылардың жазғы мектепке баруы жөнінде пікір білдірді, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл – міндетті емес, ата-ана баласын жібере ме, жоқ па – өзі шешеді. Алайда менің кеңесім – балаларды жазғы мектепке апару керек. Өйткені біз карантин кезінде бір жарым жылдай қашықтан оқыдық, сол кезде кеткен олқылықтарды түзетуге осы жазғы мектеп бағдарламасы көмектесер еді, - деді ведомство басшысы YouTube желісіндегі El-Orda арнасына берген сұхбатында.

Сондай-ақ ол жазғы мектепте тек негізгі пәндер оқытылатынын айтты.

Жазғы мектеп кезінде еңбек, дене шынықтыру деген сияқты пәндер болмайды, тек физика, химия, математика секілді негізгі пәндер оқытылады. Баратын сыныптарға келсек, 1-8-сынып пен 10-сынып оқушылары жазғы мектепке жіберіледі, ал 9 және 11-сыныптар мемлекеттік емтихан тапсыратыны себепті жазғы мектеп бағдарламасына қатыса алмайды, - деді Қ. Сенғазыев.

Айта кетейік, биыл жазғы мектеп бағдарламасы 17 маусымға дейін созылады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері