Нұр-Сұлтан 10.1°
×
31.03.2022, 16:30
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Баланың 1-сыныпқа қабылдануы үшін қандай құжаттар қажет

Жалпы білім беретін мектептің бірінші сыныбына құжаттарды қабылдау 1 сәуірден басталып, 1 тамызға дейін жалғасады деп хабарлады Elorda.info.

Баланың 1-сыныпқа қабылдануы үшін қандай құжаттар қажет
Фото: Tengrinews.kz

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Баспасөз орталығында өткен брифингте елорданың Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев айтты.

Ресми деректер бойынша, жаңа оқу жылында Нұр-Сұлтанда алғаш рет 26 мың бала партаға отырады. Әр мектепте ата-аналарға көмек көрсету үшін балаларды бірінші сыныпқа қабылдау бойынша қабылдау комиссиясы ұйымдастырылған. Білім беру ұйымдары жас астаналықтарды тұрғылықты жері бойынша алты жастан бастап дайындық деңгейіне қарамастан қабылдайды.

Ата-аналар құжаттарды электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы және қағаз жүзінде білім беру ұйымдарына тапсырады. Құжаттар тізбесіне: ата-аналардан (немесе оларды алмастыратын тұлғалардан) өтініш; баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі; «Баланың денсаулық паспорты» бойынша денсаулық жағдайы туралы  026/у-3 құжаты; денсаулық жағдайы туралы 063/у құжаты; 3х4 екі фотосурет кіреді, - деп қорытындылады Қасымхан Сенғазыев.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері