Нұр-Сұлтан 17.9°
×
15.02.2022, 18:00
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қазақстандық ғалым күрделі сынықтарды емдейтін гидрогель ойлап тапты

Ұлттық биотехнология орталығының ғалымы Вячеслав Огай бағаналы жасушаларды қолдану арқылы күрделі сынықтарды қалпына келтірудің бірегей технологиясын жасап шығарды, деп хабарлады Elorda.info тілшісі Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстандық ғалым күрделі сынықтарды емдейтін гидрогель ойлап тапты
Фото: дереккөз

Ол сынықтар мен зақымдалған тізе буындарын емдеуді жеделдететін гидрогель ойлап тапты. Арнайы технологияның арқасында операциядан кейін 3-6 ай ішінде сүйек және шеміршек тіндері қалпына келеді.

Клиникаға дейінгі сынақтардың нәтижелері препараттың тиімділігі жоғары екенін растады.

Сүйек ақауларын толықтай қалпына келтіру травматология мен ортопедиядағы күрделі және шешілмеген мәселелердің бірі болып қала береді. Емдеу үшін сүйек алмастырғыштарын қолдана отырып, остеопластиканың әртүрлі әдістері жиі қолданылады. Бірақ бұл операцияның нәтижесінде сүйек әрдайым толық қалпына келмейді. Біз сүйек ақауларының толық қалпына келуіне ықпал ететін технологияны жасадық. Бағаналы жасушалар мен табиғи биополимерлер зақымдалған сүйек немесе шеміршек тіндерін қалпына келтіру процесін жеделдетеді, – деді әзірлеме авторы, ұлттық биотехнология орталығының бағаналы жасушалар зертханасының меңгерушісі, профессор Вячеслав Огай.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері